kaz | rus | eng



Қабылдау күні және сағаты:
Басқарма бастығы
Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиевич
Сейсенбі 16.00 - 18.00

Басқарма бастығының орынбасары
Акбердиев Фарид Аминович
Жұма 10.00 - 12.00

Басқарма бастығының орынбасары
Тоқбергенов Елікбай Әдішұлы
Сәрсенбі 10.00 - 12.00

Басқарма бастығының орынбасары
Маханов Батырша Таштайұлы
Бейсенбі 16.00 - 18.00














 

 

«Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

                                                                                    
1. Жалпы ережелер

 

   1. «Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқармасы) өз құзыреті шегінде энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеу мен  басқаруды жүзеге асыратын, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

 

   2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге нормативтік кесімдерге, сондай-ақ  осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

   3. Басқарманың құрылтайшысы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.

 

   4. Басқарманың қүрылымы мен штат санын Құрылтайшы бекітеді.

 

   5. Басқарманың мекен-жайы: 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Қазыбек би көшесі, 5.

 


2. Заңды мәртебесі

 

   6. Басқарма мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады, оның дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, мөрлері мен мөртаңбалары болады.

 

   7. Басқарма белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлға құра, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Басқармасының өкілдіктері мен филиалдары жоқ.

 

   8.  Басқарма өз міндеттемелері бойынша билігіндегі ақшамен жауап береді. Басқарманың ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Құрылтайшы жауаптылықта болады.

 

   9. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Басқарма жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркеуге жатады.

 

   10. Басқарманың, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің  атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

 

   11. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде кесімдер  шығарады.

 

   12. Басқарманың құрылтай құжаттары «Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру  туралы облыс әкімдігінің Қаулысы мен осы Ереже болып табылады.

 

   13. Басқарма қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

 

   14. Басқармаға оның міндеттері мен функцияларын орындау нысанасына  кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар  жасасуға тыйым салынады.        


3. Басқарманың мақсаты, міндеттері, функциялары мен құқықтары


   15. Басқарма қызметінің негізгі мақсаты энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеу мен басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

 

   16. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін Басқарма мынадай міндеттер мен    функцияларды жүзеге асырады:

 

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асырады және заңнамада белгіленген тәртіппен  олардың орындалуына бақылау жасайды;

 

2) тұрғын үй – коммуналдық саласын дамыту, энергетиканы және коммуналдық шаруашылықты тұрақтандыру, көтеру және дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады, энергетикалық саясаттың кәсіпорындарды дамыту мәселелері тұрғысындағы негізгі басымды бағыттарын айқындайды және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

 

3) облыс үшін маңызды жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері бойынша ұсыныстар дайындайды;

 

4) энергетиканың және коммуналдық шаруашылық саласындағы тұжырымдамалар мен бағдарламалардың орындалуы барысын үйлестіреді;

 

5) облыс әкімі берген өкілеттіктерге сәйкес қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесіп көркейту,  энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының, ұйымдары және мекемелерінің қызметін басқару, үйлестіру және реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

 

6) энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының нарық жағдайларына бейімделуіне ықпал ете отырып, олармен өзара іс – қимылдың жаңа тәсілдерін дамытады;

 

7) энергетикалық кәсіпорындарды төлеу қабілетсіздігі жағдайынан шығару проблемаларын шешуге ықпал етеді, жетекшілік ететін салалардағы жаппай және ірі банкроттықтардың салдарын болжамдайды;

 

8) электр энергиясын, газды, жылу мен суды жеткізіп берумен және тасымалдаумен айналысатын ассоциациялардың, консорциумдардың, акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктер мен өзге ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

 

9) облыс аумағындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің тұрақты қызмет етуіне ықпал етеді, оларды дамыту стратегиясын айқындайды;

 

10)  заңнамада көзделген тәртіппен және жағдайларда энергетикалық кәсіпорындардың қызметіне қолдау көрсетеді, оны қамтамасыз етеді және өңірлік, республикалық деңгейде олардың мүдделерін қорғайды, Қазақстан Республикасы, ТМД елдері, таяу және қиыр шетел деңгейінде сыртқы экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды;

 

11) энергетика және коммуналдық шаруашылық, қызмет көрсету салаларына инвестициялар тартуға ықпал етеді, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстар қалыптастырады, ішкі инвестициялық саясатты жүзеге асыруға, сондай-ақ шетелдік инвестициялау үдерістеріне қатысады;


12) энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының қаржы-экономикалық жағдайын сипаттайтын нақты деректерді жинақтайды және тиісті қорытынды дайындайды;

 

13) энергетика және коммуналдық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі заңдардың орындалуына ықпал етеді, олардың қолданылу практикасына талдау жасайды және қорытады, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

 

14) мемлекеттік акциялар пакетінің үлесі бар энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындарға қатысты – уәкілетті орган, мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорындарына қатысты мемлекеттік басқару органы функцияларын жүзеге асырады;

 

15) энергетика және коммуналдық шаруашылық саласы кәсіпорындарын оңалту   және олардың банкроттығы рәсімдерінде үйлестіруші орган функцияларын жүзеге асырады;

 

16) облыс объектілерін жылу беру маусымына  дайындауды  үйлестіруді жүзеге асырады;

 

17) инженерлік инфрақұрылым кәсіпорындарының, сондай – ақ көркейту және көгалдандыру  мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді және реттеуді жүзеге асырады;


18) рынок конъюнктурасын зерделейді және оның инженерлік инфрақұрылым саласындағы дамуын болжамдайды;


19) өңірдегі  инженерлік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді;


20) инженерлік инфрақұрылым көрсететін қызметтердің тарифтерін өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;


21) тозығы жеткен және апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің есебін жүргізеді;


   17. Басқарма өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде мыналарға:     


1) энергетиканы, коммуналдық шаруашылықты және инженерлік инфрақұрылым саласын дамыту басымдықтарының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;


2) Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамада  белгілеген тәртіпте, статистиканың жергілікті органдарынан, меншік түріне қарамастан жетекшілік етуші салалар кәсіпорындарынан, тиісті облыс басқармаларынан, комитеттерден, бөлімдерден, қалалық және аудандық әкімдіктерден, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан банктер мен басқа ұйымдардан мәліметтер мен есеп құжаттарын сұратуға және алуға;


3) тиісті мемлекеттік органдарға басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізуге;


4) облыс әкімі мен әкімдігіне заңнамаға қайшы келетін басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер жөніндегі құқықтық кесімдердің күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге;


5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, инженерлік инфрақұрылым кәсіпорындарын төтенше жағдайлар мен табиғи апаттарды жою жөніндегі іс-шараларды тарту бойынша шаралар қолдануға;


6) заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге сондай-ақ лицензиат заңнамада және лицензияларда көзделген шарттарда сақтамаған жағдайда лицензияларды кері қайтарып алуға;


7) энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға;


8) кәсіпорындардың энергетиканы және коммуналдық шаруашылықты дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын орындауларына талдау жасауға;


9) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын экономикалық сауықтыру жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға;


10) жұмыс істеп тұрған энергетика және коммуналдық шаруашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына қатысты мемлекеттік басқару органы функцияларын жүзеге асыруға;


11) заңнамада көзделген тәртіппен және жағдайларда қажет болған ретте тексерулерумен сараптамалар жүргізу, конкурстық комиссияларға, басымдықтарды, тұжырымдамаларды, нормативтік материалдарды, нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге қатысу үшін ақысыз, сондай-ақ ақылы негізде ғылыми қызметкерлерді, энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының, қоғамдық құрылым дардың мамандарын, олардың басшыларымен келісе отырып тартуға;


12) заңнамада көзделген тәртіппен энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары жұмысының мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге және келісімдермен өзге де заң кесімдеріне қол қоюға;


13) Басқармаға жүктелген мәселелерді шешу үшін Басқарма жанынан жұмыс комиссиялар мен топтарын ұйымдастыруға;


14)  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін жетекшілік ететін салалардың жұмысын жетілдіру және жақсарту, басқарманың алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша мәселелер мен ұсыныстар енгізуге;


15) облыс объектілерін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау жөніндегі басқарма жоспарлаған іс-шаралардың орындалуын және жылу беру кезеңінің өту барысын үйлестіруге;


16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.


4. Басқарманың мүлкі


   18. Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.


   19. Басқарманың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік органның  балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.


   20. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік облыстың мемлекеттік коммуналдық меншігіне жатады.


   21. Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге  құқығы жоқ.


5. Басқарманың қызметін ұйымдастыру


   22. Басқарманы заңнамада бекітілген тәртіппен облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын директор басқарады.


   23. Директордың заңнамада бекітілген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.


   24. Басқарма директоры Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды.


   25. Осы мақсатта Басқарма директоры өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

 

    1. Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті  бұйрықтар шығарады, сенімхаттар береді;
    2. Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін белгілейді;
    3. Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
    4. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де  ұйымдарда Басқарманы танытып білдіреді;
    5. Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
    6. Басқарма мүлкінің тиімді пайдалануы мен сақталуына бақылау жасайды;
    7. Басқарманы ұстауға арналған сметаны бекітеді;
    8. Басқарманы барлық  кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде сенімхатсыз танытып білдіреді, шарттар (келісім-шарттар), соның ішінде еңбек шарттарын жасасады, банктерде есеп және өзге де шоттар ашады, лауазымдық нұсқауларды бекітеді;
    9. Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуы үшін жеке жауапты болады;
    10. Шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.


6. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі


   26. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Құрылтайшының шешімі негізінде қабылданады.


   27. Осы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.


7. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату


    28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату:

  • Құрылтайшының шешімі бойынша;
  • сот шешімі негізінде;
  • қолданыстағы заңнамада белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.


    29. Тарату аяқталды, ал Басқарма өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жазба енгізілген сәттен бастап саналады.


    30. Тарату аяқталғаннан кейін мүлік Құрылтайшының билігіне өтеді.